Жамбылда 68 жастағы ер адам немересін зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Freepik.com
Жамбыл облысында әйел қайын атасы 14 жастағы қызын зорлағанын айтып, бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әйел «Не молчи KZ» қорының көмегіне жүгінген. Оның айтуынша, қайын атасы қызын бір рет зорлауға тырысқан. Ақыры бірнеше айдан кейін немересін зорлаған. Алғашқы жағдай 2024 жылдың сәуірінде болған көрінеді.
Қыздың айтуынша, атасы түнде жанына келіп, оған қолын тигізген. Қыз қорқып, бар жағдайды анасына айтқан. Анасы полицияға арыз жазды. Алайда учаскелік полиция қызметкері бұл әрекетті қылмыстық іс емес, әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырған.
Ал 2024 жылдың маусымында 68 жастағы ер адам немересін зорлайды.
«Қыз ешкімге ештеңе айтқан жоқ. Бірақ мінез-құлқындағы өзгерістер бірден байқалды. Оқиғадан кейін ол өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекет жасады. Анасы қызды асылып өлмек болған жерінен тауып алды», деп хабарлады «Не молчи KZ» қоры.
Анасы қызын гинекологқа апарған. Сол кезде жасөспірімнің шынымен зорлық көргені белгілі болды.
Әйелдің 6 баласы бар. Ол балаларын жалғыз өзі асырап отыр.
«Біз бүкіл отбасымызбен ұйықтамаймыз. Түнімен кезек-кезек кезекшілікте боламыз. Үйімізді өртеп жібере ме, деп қорқамыз. Менің қызым ауыр жағдайда. Тамақ ішпейді, ұйықтамайды», — деді әйел.
Қордың мәліметінше, іс алдымен дәлелдердің жоқтығынан тоқтатылып, жақында қайта жанданды. Ер адамның бұрын сотталғаны белгілі болды.
Айта кетейік, бұған дейін қор Түркістан облысы Сайрам ауданында жігіт мектеп оқушысын бірнеше рет зорлағанын хабарлаған еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран