«Жалақысын бермеген»: СҚО-да фермерді өлтірген жұмысшыға үкім шықты

cover Фото: Envato

Солтүстік Қазақстан облысында белгілі фермер Азамат Батановтың өліміне қатысты резонансты іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Былтыр Тайынша ауданына қарасты Докучаево ауылында 22 жастағы жұмысшы мас кезінде «Бурбат» ЖШС-нің басшысы, 52 жастағы Азамат Батановты атып өлтірген.

Айыпталушылар орындығында жұмысшы Вадим Орлов пен аса ауыр қылмысты жасырып қалды деп айыпталған Виктор Торгашов отырды.

Былтыр 31 қазан күні Орлов мас болып мылтық алып фермер Азамат Батановтың үйіне барған. Жұмысшы бұрын істеген жұмысына ақы талап етпек болыпты. Ол фермерге 2 рет оқ атып өлтіреді. Екінші айыпталушы танысы кісі өлтіріп жатқанда  көлікте отырған. Кейін Орлов оған мылтықты беріп, жасыруды тапсырған.

Сотта 22 жастағы Вадим Орлов 1,3 миллион теңге жалақысы төленбегенін айтты. Жұмысшы фермерден жұмысының ақысын сұраған. Азамат Батанов ақша бермейтінін айтыпты. Орлов түнделетіп фермердің үйіне ақша мәселесін сөйлесу үшін барғанын айтты. 

Қаза тапқан фермердің қызы әкесінің айыпталушыға берешегі жоқ екенін мәлімдеп, ең қатаң жаза тағайындауды сұрады. 

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты Вадим Орловты 11 жылға, Виктор Торгашовті 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар