Жайық өзеніндегі қатты ағыстан жеті адам құтқарылды

cover Фото: ҚР ТЖМ

Батыс Қазақстан облысында жеті адам Жайық өзенінің ортасында тұрып қалды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінде өз бетімен жағаға шыға алмай қалған жеті адам құтқарылды. Бір қайықты толығымен ағыс алып кетті» делінген жексенбі күні хабарламада.


Құтқарушылар су басқан аймақтан жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа алып шыққаны хабарланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар