Зеленский соғыс басталған алғашқы күндері жұмыс істеген орнын көрсетті

cover Фото: Украина президентінің баспасөз қызметі

Украина президенті Владимир Зеленский соғыстың басталғанына төрт жыл толуына орай халыққа жолдау жасап, 2022 жылдың ақпанында Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін алғашқы апталарды өткізген орнын көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Зеленский Telegram-арнасында Киевтегі Банковая көшесінде орналасқан бункердегі шағын кабинетін көрсетті. Украина басшысы соғыстың алғашқы күндерінде осы кабинетте әлем көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлескен.

«Осы кабинетте АҚШ президенті Джо Байденмен сөйлестім. Ол маған «Владимир, сізге шұғыл түрде Украинадан кету керек. Біз көмектесуге дайынбыз», — деді. Ал мен такси емес, қару керегін айттым», — деді Зеленский.

Зеленский Украинаны сақтап қала алғанын және бейбітшілік пен әділетке қол жеткізу үшін бар күшін салатынын мәлімдеді. 

«Бүгін Путин Киевті «үш күнде аламын» дегеніне тура төрт жыл болды. Бұл сөздің өзі-ақ біздің қарсылығымыз туралы, Украинаның осы уақыт бойы қалай күресіп келе жатқаны туралы көп нәрсе білдіреді» деп жазды ол. 

Басшы Украина халқы жүріп өткен ұзақ жолдың салмағы ауыр болғанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар