Үш жолаушы мен ұшқышы бар тікұшақ радардан жоғалып кетті

cover Фото: dpa/picture-alliance/ТАСС

Якутияда үш жолаушысы бар Робинсон тікұшағы жоғалып кетті, деп хабарлайды SHOT Telegram арнасы.

Тікұшақ Чагда елді мекенінен 80 шақырым жерде жоғалып кетті. Robinson R44II әуе кемесінде апаттық радиошамшырақ іске қосылды. Белгіленген уақытта ұшқыш байланысқа шықпады. Бортта ұшқыш пен үш жолаушы болған.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін "Полярные авиалинии" өңірлік авиакомпаниясының әуе кемелері дайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар