Қырғызстан Тәжікстанға қашқан ауған қырғыздарын қабылдайды

cover

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы соңғы жағдайлардан кейін талибандардан Тәжікстанға қарай қашқан қырғыздар туралы мәлімет таратты.

Бұл туралы Orda.kz Азаттық Радиосына сілтеме жасап хабарлады.

Онда памирлік қырғыздар туралы мәлімет тексеріліп жатқанын, аймақтағы талаптың қаталдығынан, байланыстың нашарлығынан қандай да бір нақты мәлімет ала алмай жатқаны айтылады. Соған қарамастан ауған қырғыздарын Қырғызстанға алып келуге әрекет жасалып жатқаны атап өтілген.

«Қырғызстанның СІМ ауған қырғыздарына байланысты БҰҰ-ның тиісті мекемесіне хат жолдады. Ауған қырғыздарын тәжік-қырғыз шекарасынан тосқауылсыз өткізу өтінішімен Тәжікстанға нота жолданды» деп айтылады мәліметте.

Сонымен бірге бұл мәселе президенттің, үкіметтің бақылауында екені жазылған.

Осының алдында Тәжікстанның шекара қызметі Ауғанстанда тұратын 340-тан астам этникалық қырғыздың мал-жанымен тәліптерден қашып келгенін хабарлаған. Жолда екі сәби шетінеген.

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы бірнеше аптаның ішінде ондаған ауданды үкімет күштерінен тартып алды. АҚШ басқаратын халықаралық күштер Ауғанстандағы әскерін әкете бастағанда, қозғалыс содырлары жаңа аудандарды басып алып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар