Қырғыз-өзбек шекарасындағы дау: Қырғызстан түсініктеме берді

cover Фото: TASS.ru

Қырғызстанның Баткен облысының билігі 13 мамырдағы қырғыз-өзбек шекарасындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді. Олардың айтуынша, жағдай облыстық әкімшіліктің бақылауында болған, ал төбелеске тұрмыстық дау түрткі болған.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қырғызстанның Баткен ауданындағы Сай ауылының тұрғындары мен Өзбекстанның Сох облысындағы Чашма ауылының тұрғындары арасында түсініспеушілік туып, соның салдарынан төбелес шыққан. Осыған орай, жергілікті тұрғындар екі ел арасындағы шекара учаскесіне жиналды.

Екі елдің құқық қорғау органдары мен жергілікті билік өкілдері де сол жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.

Бұған дейін Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында жанжал пайда болғаны туралы хабарланған. Бір Қырғыз азаматы соққыға жығылып, шекарада шамамен 30-40 адам жиналған.

Өзбекстан тарапы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның ұзындығы - 1378 шақырым. 2017 жылғы келіссөздерден кейін шекаралардың 85 пайызы келісілді, 15 пайызы даулы болып қалды. Екі елдің тәуелсіздігінің 30 жылындағы шекара даулары бірнеше рет атыс қаруын қолданғанға дейін қақтығыстарға себеп болды.

Наурыз айының соңында Қырғызстан Өзбекстанмен шекара мәселелерін «жүз пайыз» шешетіндігін мәлімдеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы мен қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегация жетекшісі Камчыбек Ташиевтің айтуынша, қазір елдер арасында даулы аймақтар жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар