Үкімет 1 наурыздан бастап бір сағаттық белдеуге көшуді мақұлдады
Сурет: Айқын
Министрлер кабинеті 1 наурыздан Қазақстандағы уақытты біртұтас уақыт белдеуіне көшіруді мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, республика бойынша бірыңғай сағат белдеуін пайдалану 2024 жылғы 1 наурыздағы сағат 00.00-ден бастап белгіленді. Осылайша, 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) еліміздің бүкіл аумағына қолданылады» делінген жұма күні хабарламада.
Өзгерістерге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 1 наурызға қараған түні 00.00-де жергілікті уақытты 1 сағат артқа жылжытуы керек.
«Бүгінде Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан. Айта кетерлігі, Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуін белгілеуді уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын. Жұмыс тобы 2023 жылдың ақпанында қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте өтініштеріне байланысты құрылған болатын. Оның құрамына ғылыми институттардың, медициналық университеттердің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, парламент депутаттары және т.б. кірді» делінген хабарламада.
Mинистрлік мәліметі бойынша, 2023 жылы медицина, физиология, география, метрология және т.б. сияқты әртүрлі салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін құру мәселесін зерттеді.
Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 біртұтас уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деп шешкен. Сонымен Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады деп келісілді. Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеп, оның барысында әлемнің 175 елінде бір сағаттық белдеу жұмыс істейтіні, ал бір сағаттық белдеуде небәрі 22 мемлекет тұратынын анықтаған.
Сондай-ақ сарапшылар біртұтас уақыт белдеуін белгілеу еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жойып, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартып, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына оң әсерін тигізетініне сенімді.
Қаулы ресми жариялануға тиіс және 2024 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтар
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды