Үйге оралмайтын шығармын: Апатқа ұшыраған AZAL ұшағының капитанының жұбайы күйеуінің соңғы сөздерін айтты
Фото: Видеодан кадр
Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағының капитаны Игорь Кшнякиннің жұбайы Яна Кшнякина ұшқыш туралы айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Bizim.Media басылымының мәліметінше, капитан Игорь Украинаға сапармен барған кезінде Харьковте Янамен танысқан. Екеуі 20 жыл отасып, екі бала тәрбиелеп өсірді.
Украина мен Ресей арасындағы соғыс олардың махаббат хикаясына нүкте қойды. Әлемдік БАҚ ақпараты бойынша, Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағын ресейлік «Панцирь-С» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі атып түсірген.
«Үлкен қызым AZAL компаниясында жұмыс істейді. Қайғылы оқиғаны маған сол жеткізді, ал содан кейін не болғаны есімде жоқ. Мен күйеуімнің көрсеткен ерлігімен мақтанамын және өзімді тек солай жұбатамын», – деді Яна Кшнякина.
Оның айтуынша, капитан Игорь өз ісін қатты жақсы көрген. Ұшқыш ешқашан жұмысына шағымданбаған, өте мейірімді, жомарт адам болған. «Мен отбасымды қамтамасыз ете аламын» деп жиі айтатын. Тіпті ұшу формасын киюдің өзі оған ерекше ләззат сыйлайтын. Бос уақытында тек авиация жайлы ақпарат іздеп, білімін үнемі толықтырып отыратын.
«Сол күн басқа күндерден өзгеше болды, Игорь өзін ерекше ұстады. Қайғылы оқиға болатынын сезгендей, кетер алдында маған: "Мен үйге оралмайтын шығармын. Бүгін қайтып келмесем, уайымдама. Бүгін ауа райы ерекше болып тұр. Егер бір өзгеріс болса, өзім хабарын беремін" деп қоштасты», – деді ол.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран