Вашингтон Каракасты бақылайды: АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға келді
Фото: freepik.com
Бұл 2019 жылы Николас Мадуро биліктен шеттетілгеннен және елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар үзілгеннен бергі америкалық өкілдердің алғашқы сапары, деп хабарлайды Orda.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Каракасқа Колумбияда орналасқан Венесуэла істері жөніндегі бөлімшенің дипломаттары мен қауіпсіздік қызметкерлері, сондай-ақ АҚШ-тың Колумбиядағы уақытша сенімді өкілі Джон Макнамара келді. Сапардың мақсаты — Венесуэлада АҚШ елшілігінің жұмысын қайта бастау мүмкіндігін бастапқы деңгейде бағалау.
2019 жылы Мадуро үкіметі Трамптың алғашқы әкімшілігі Хуан Гуайдоны уақытша мемлекет басшысы ретінде мойындағанына жауап ретінде АҚШ-пен дипломатиялық қатынастарды үзгеннен кейін, Америка Құрама Штаттары өз дипломаттарын елден шығарып, дипломатиялық миссиясын жапқан болатын. Сол кезде Каракас та АҚШ-тағы өз елшіліктерін жапты.
Қазіргі таңда Венесуэла бағыты бойынша АҚШ-тың функцияларын Боготадағы америкалық елшілік жанында жұмыс істейтін Венесуэла істері жөніндегі бөлім атқарып отыр.
Бұл жолғы сапар барысында Венесуэланың уақытша саяси басшылығымен кездесулер жоспарланбаған. Әңгіме тек техникалық және логистикалық бағалау жөнінде болып отыр. Сонымен қатар, елшілік ғимаратын тексеріп, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайтын сарапшылар тобын жіберу мәселесі талқылануда.
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио заң шығарушыларға арналған жабық брифингте сөз сөйлеп, қауіпсіздік мәселесі басты назарда екенін атап өтті. Оның айтуынша, АҚШ америкалық қызметкерлерге шабуыл жасалу немесе оларды кепілге алу қаупі жоқ екеніне көз жеткізуі тиіс. CNN дереккөздерінің мәліметінше, Каракаста шағын дипломатиялық контингент жақын арада пайда болуы мүмкін, алайда елшілікті толыққанды ашу үшін уақыт қажет.
Сонымен бірге, БАҚ деректеріне сәйкес, кейбір америкалық дипломаттар Венесуэлада жұмыс істеуге ерікті түрде дайын екендерін білдірген. Ал Трамп бұған дейін америкалық мұнай компанияларының елге қайта оралуына және экономиканы қалпына келтіру үдерісіне қатысуына мүдделі екенін мәлімдеген.
Бұған дейін келесі аптада АҚШ президенті Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Мария Мачадомен кездесу өткізуді жоспарлап отырғаны да хабарланған болатын.
Еске салсақ, Венесуэлада вице-президент Делси Родригес ресми түрде ант берді. Енді ол мемлекет басшысының міндетін уақытша атқарады.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Венесуэла оппозициясының көшбасшысы Трампқа өзінің Нобель сыйлығын ұсынды
- АҚШ Венесуэла мұнайын әлемдік нарықта сатуды бастағанын мәлімдеді
- АҚШ-пен ғана мұнай серіктестігі: Трамп Венесуэладан Қытай мен Ресейді құралақан қалдыруды талап етті
- Әлем көшбасшылары мен елдері АҚШ-тың Венесуэлаға қарсы агрессиясына қарсы үн қатты
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?