Вакцина кесірінен бала сүйе алмай қалу мүмкін бе?

Осыдан бір апта бұрын Қазақстанда коронавирустың мутацияланған «үнді» штамы табылды. Мемлекет қазақстандықтардың вакцина алу қарқыны төмендеп кетті деп дабыл қақты. Аймақтар науқанды күшейту үшін түрлі ұтыс ойындарын ойната бастады. Бір жерде ақшалай сыйақы, бір жерде техника, бір жерде тіпті көлік пен үй ұтысқа қойылды.
Бірақ мемлекет «артық қыламыз деп, тыртық қылды». Өмірі тегін ештеңе берілмейтін еді, мында тегін түгілі үстіне сыйлық қосып береміз деп жатыр.
Халық таңданып қалды. Сосын оның астарын іздей бастады. Керісінше екпеге сенбеушілер саны артып келеді.
Жақында Orda.kz редакциясы тілшісіне «коронавирусқа қарсы екпе кесірінен баланы түсік жасатуға тура келді» деген ақпарат айтылды.
Некедегі жұптың күйеуі әскери бөлімшеде жұмыс істегендіктен, ол екпе алуға міндеттелді. Жұбайы үйде отырып, ештеңе алмаған. Отбасында екі бала бар. Екпеден кейін әйел бала көтерген. 3 ай бойы күтініп жүрген әйел жақында түсік жасатуға мәжбүр болған. Жергілікті дәрігерлер «күйеуіңіз алған екпенің салдары болуы мүмкін» деген болжам айтқан.
Дәрігердің тексерілмей айтқан болжамы құлақтан құлаққа жетіп, «екпеден кейін бедеу болып қалу мүмкін», «екпенің салдарынан ұрық дұрыс жетілмейді» деген екі ауыз сөз жұртты дүрліктірді. Вакцинаға түбегейлі қарсы, бірақ штамнан қорыққан адамдар қайта екі ойлы болып қалды.
Бастапқыда аяғы ауыр әйелдерге қажеттіліксіз екпе салдырмауға кеңес берілетін. Ал қазір тіпті иммунитетті нығайту мақсатында Спутник V вакцинасын шығарған Гамалеи институты аяғы ауыр әйелдерді де вакцина алуға үгіттеп отыр. Сондай-ақ, бұған дейін екпенің адамдардың репродуктивті сауаттылығына (ұрпақ сүюіне) әсер етпейтіндігі айтылған.

– Гамалеи институты қазір жүкті әйелдерге Спутник V вакцинасын салдыруға болады деген ресми ақпарат берген. Вакцинаның ұрықтың дамымай қалуына әсері бар деп айту қиын. Қазір 4-5 млн адам вакцина алып қойды. Олардың көбі бала көтеріп үлгерген.
Жалпы Қазақстанда вакцинаға қатысы жоқ әйелдердің де ұрығы дамымай, түсік тастап жатқандары көп. Оның себебі вакцина емес, оның себебі – құрып қалғыр экология, - деді нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев.
Жаңалықтар
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың теңге өндіріп алмақ
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты