Жүкті әйелдерге «Sputnik V» вакцинасын егуге рұқсат етілді

cover

Коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын жүкті әйелдерге егуге рұқсат етілді. Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинаның клиникалық зерттеулерден өткенін мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, жүкті әйелдерге «Sputnik V» вакцинасын егуге рұқсат етілді. Сарапшылар қауымдастығының ортақ шешімі бойынша вакцина жүкті әйелдерге қауіпті емес.

– Бүгін, вакцина қауіпсіздігі бойынша клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, сондай-ақ клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы жинақталған деректерді ескере отырып, сарапшылар қауымдастығы жүкті әйелдерге «Sputnik V» вакцинасын қолдану қауіпсіз деген шешім қабылдады, - деді Мурашко.

Осылайша ол жүкті әйелдерге коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізу мүмкіндігі ашық екенін түсіндірді.

Sputnik V - коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі алғашқы вакцина. Вакцина Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Николай Федорович Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығында жасалған.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 2 миллион 997 мың адамға вакцина салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар