Ұлттық қауіпсіздік комитеті құзыретін кеңейту ұсынылды

cover

Ұлттық қауіпсіздік комитеті міндетіне экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін үйлестіру де қосылмақ, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл ұсыныс «Ашық НҚА» порталында талқылауға ұсынылған «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

1996 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» құжата түзету енгізу ұсынылды.

«ҰҚК туралы ереженің 13-тармағы 10) тармақшасында ҰҚК Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру міндеті белгіленген. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 41-бабына сәйкес мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік органның міндеттері, ал функциялары мемлекеттік органның өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыруы болады.  Осыған байланысты бұл функцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеге біріктіру ұсынылады»  делінген түзету негіздемесінде.


Сондай-ақ «Сыртқы барлау туралы», «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңдарға және басқа да құжаттарға түзетулер енгізу ұсынылып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар