Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді
Фото: ortcom.kz
Ұлттық банк араға жарты жыл уақыт салып базалық мөлшерлемені өсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жыл бойынша 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұған дейін базалық мөлшерлеме 16,5% болған еді. 2024 жылы ол 15,25% болған.
Ұлттық банктің мәліметінше, инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсуі және белсенді қазына саясаты аясында ақша-несие шарттарының жұмсаруы бағаның шектен тыс өсуіне қауіп туғызған. Осыған байланысты инфляцияның динамикасын тұрақтандырып, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін осындай қадам жасауға тура келген.
Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк база мөлшерлемесін екінші деңгейдегі банктерге несие берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады.
Айта кетейік, ақпан айында Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары ауысты. Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Жаңалықтар
- Иранның жоғары шенді әскери басшысы туралы резонанс ақпарат тарады
- Тоқаев Иранның дроны Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді
- Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Әйел анасымен бірге бұрынғы күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды