«Украинаның Курсктегі операциясы»: Ресей зымыран атуға дайын
Коллаж Orda.kz
Ресей Киев Курск облысына басып кіргені үшін Украинаның парламент ғимараттарына және Украина билігінің басқа органдарына жаппай зымыран атуға дайындалып жатыр.
Бұл туралы Украина әскери департаментінің жоғары лауазымды өкілі Британдық Times газетіне жасырын жағдайда хабарлады.
Ол Украина Ресейдің Курск облысына басып кіргені үшін жауап ретінде жойқын соққы қайтарғысы келетінін айтты.
«Ресей аса жойқын жауап қайтарғысы келеді. Ол әлемге өзінің құдіретті екенін және аса маңызды Курск облысы сияқты жерге кіргендері жазасыз әрі жауапсыз қалмайтынын көрсеткісі келеді. Жойқын жауап ретінде шабуылда төрт қана зымыран болмайды. Қанатты, баллистикалық зымырандар араласқан және шахедтерді қолданатын жүздеген аралас соққы болуы мүмкін. Бұл жағдай біздің әуе қорғанысы үшін үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Бірақ біз оларды тоқтата аламыз деген ойдамын», — деді дереккөз Times газетіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Украина басып кірген Курск облысында, Курчатов қаласында Атом электор станциясы орналасқан. Курчатов қаласынан 10 шақырым қашықтықта Украина қарулы күштерімен ұрыстар жүріп жатқандықтан, соғыс ахуалы шиеленісіп кетті. Курск атом электр станциясында егер украин әскері станцияны басып алса, оны өшіру туралы шешім қабылданып қойды.
Ресей соғыстың бірінші күнінен бастап бірнеше рет Киевке зымыран соққыларын жасауға тырысты, бірақ украиналық Әуе қорғанысы осы уақытқа дейін барлық дерлік соққыны тойтарып үлгерді.
2 сағат бұрын қандай жағдай болды?
Украина Ресейдің Курск облысына басып кірді. Сараплышардың пікірінше, бұл арнайы операцияның соңы не болатыны белгісіз. Украина олардың әскерлерін жедел шығарғанын қалайды. Алайда Ресей майданның әр бөлігінен әскерлерін асықпай шығарып жатыр.
Бұл туралы Economist журналы хабарлады.
«Мақсатымыз Ресей әскерлерін Харьков пен Донбасстан, осы соғыстың негізгі учаскелерінен алып тастау. Әзірге байқағанымыздай, нәтижелер белгісіз. Ресей Харьков майданынан әскерлерді біршама аударды. Бірақ Донбасс майданынан әзірге әлдеқайда аз аударылды», — деп жазады Economist.
«Олардың басшылығы ақымақ емес. Олар біздің логистиканы 80-100 шақырымға соза алмайтынымызды біледі», — дейді аты-жөнін жасырған сұхбаттасушы.
- Ресей армиясы бірнеше жерде Украина әскерлерінің Курск облысының батыс бөлігіне Украина шекарасынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан аудандарда ілгерілеуін тоқтата алды деп мәлімдеді.
- 11 тамызда кешке Украина президенті Владимир Зеленский Запорожье басып алған АЭС-те өрт болғанын, бірақ радиациялық көрсеткіштердің қалыпты жұмыс істеп тұрғанын айтты. Жергілікті билік олардың ақпараты бойынша салқындатқыш мұнарадағы шиналарды өртеп жібергенін хабарлады. Ресейдің оккупациялық билігі мен БАҚ атом электр стансасының тұрақты жұмыс істейтінін және өрт атыстан кейін болғанын жазады.
- Ресейлік әуе қорғанысы атып түсірген зымыранның құлауынан Курск қаласындағы көпқабатты үйдегі 15 адам зардап шекті.
- 11 тамызға қараған түні Ресей әскерлері Украина аумағына соққы жасайтын дрондармен жаппай шабуыл жасады. Бірнеше батыс облысты қоспағанда Украинаның көп бөлігінде түні бойы әуе дабылы жарияланды.
- Беларусь қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Беларусь танкистері Украинамен шекараға шықты. Украина Шекара қызметі шекарада ешқандай өзгерістер жоқ деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін