«Украинадағы қантөгісті тоқтатуымыз керек» - Мәулен Әшімбаев ҚР-ның нақты ұстанымы туралы айтты

cover Бейнажазбадағы кадрдан үзінді

Сенат спикері Әшімбаев журналистермен Украинадағы әскери қақтығыс және осы мәселеге қатысты үкіметтің ұстанымы туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Бұл жерде Қазақстанның ұстанымы өте айқын және жақсы тұжырымдалған.  Біз қазір Украинадағы қантөгісті тоқтату аса маңызды деп санаймыз. Біз бұл соғысты – осы қанды қақтығысты тоқтатуымыз керек. Біздің екіұштылығымыз қайда? Жоқ, біз мұны әрқашан айтып келдік», – деді Әшімбаев. 

Ол бізге келіссөз үстелі қажет, шешім іздеу керек деп қосты. Сонымен қатар бұл мәселеде Қазақстан тараптарға өз көмегін ұсынғанын атап өтті.

Мәулен Әшімбаевтың берген сұхбатын толық көру сілтемені басыңыз!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар