Украин дрондары Қазақстан шекарасына жақын орналасқан мұнай өңдеу зауытына соққы жасады
Фото: ornpz.ru
Орынбор облысында орналасқан зауытқа ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
«Украинская правда» басылымы өз дереккөзіне – Украина Қауіпсіздік қызметіндегі (СБУ) ақпарат көзіне сілтеме жасап, Орск қаласындағы «Орскнефтеоргсинтез» мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасалғанын хабарлады. Басылым шабуыл сәті түсірілген видеоны да жариялаған.
«Зауытта эвакуация жарияланды, ал Орск қаласының билігі тұрғындарды дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды» деп жазады украин ақпарат құралдары.
Шабуыл фактісін жанама түрде Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцев те растады.
«Аймақ аумағында өнеркәсіптік нысандардың біріне қарсы жау дрондарымен шабуыл жасау әрекеті тіркелді. Халық арасында зардап шеккендер жоқ. Кәсіпорынның технологиялық процестері бұзылған жоқ. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр» деп жазды ол өз Telegram-арнасында.
«Орскнефтеоргсинтез» мұнай өңдеу зауыты Ресейдегі мұнай өңдеу саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Ол Ресей мен Украина шекарасынан шамамен 1400 шақырым қашықтықта, ал Қазақстан шекарасынан небәрі 20 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл – қазіргі уақытта Украина шабуыл жасаған Қазақстан Республикасына ең жақын нысан.
18 наурыз күні Батыс Қазақстан облысына әскери дрон құлады. Алдымен дронды жергілікті тұрғындар тапты және оны ұшқышсыз ұшық аппараты деп ойлаған. Бірақ қазір оның ресейлік «Герань» дроны екені анықталды.
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды