ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
Фото: Resource World Magazine
Ақтөбелік екі тұрғын және олардың Шымкент қаласындағы сыбайласы радиоактивті уранды сатуға әрекет жасаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті біліп қойып, оларға жалған сатып алушы жіберген. Нәтижесінде үшеуі де қамауға алынды, деп жазды «Диапазон».
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматы салмағы 958,7 грамм болатын уранды заңсыз жолмен сатып алған. Кейін ол Шымкенттегі танысына радиоактивті затты сату мүмкіндігі бар екенін айтқан.
Ол бұл туралы Ақтөбе қаласындағы таныстарына жеткізген, ал олар өз орталарынан уранды сатып алуы мүмкін адамдарды іздей бастаған.
Қыркүйек айында Өзбекстан азаматы уранды Шымкент қаласының тұрғынына берген, ал ол өз кезегінде тауарды ақтөбеліктерге тапсырған. Ақтөбеліктер уранды Chevrolet Tracker автокөлігімен Шымкенттен Ақтөбеге жеткізген.
Бұл оқиғаның барлығы ҰҚК-ге белгілі болған. Арнайы қызмет бұл іске жалған сатып алушыны қосып, оны таңбаланған ақшамен қамтамасыз еткен. Ол сатушылармен қала сыртындағы орман алқабында кездескен.
Арнайы операция барысында ҰҚК Шымкент қаласының тұрғынын және екі ақтөбелікті ұстады. Тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, оның радиоактивті материалдан жасалған уран екені анықталды. Үшеуі де сотта өз кінәларын мойындады.
Сот үкімімен екі ақтөбелік уранды сату қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Шымкент қаласындағы сыбайласы бұрын сотталғандықтан, оған 6 ай артық жаза тағайындалып, іс бойынша қылмыстың қайталануы (рецидив) ретінде танылды. Сот үкіміне сәйкес, уран жойылатын болды.
Кске салсақ, наурыз айында «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Мейіржан Жүсіпов президентпен кездесуде ұлттық компания өткен жылы қанша уран сатқанын айтты.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр.
Қазақстанның АҚШ-қа таситын мұнай мен уран экспорты 95%-ға өсті.
Түркістан облысында уран өндірісі болуы мүмкін.
Болашақ отыны. Қазақстан АҚШ-қа уран экспортын ұлғайта ала ма?
«Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
Жаңалықтар
- «Қайрат» командасы Mundo do Futsal Experience-2025 жоғары марапатын алды
- ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
- Оңтүстік Африкадағы атыстан тоғыз адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды
- Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
- Қазақстан құрамасын басқарған жаттықтырушы енді «Жеңіс» футболшыларын баптайды
- Қазақ өнерінің нарқасқасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті
- МӘМС «санға» көшеді: денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріс
- Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
- Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр
- «Ресейдің Еуропаны басып алатын шамасы жоқ»: АҚШ барлауының басшысы
- Маск тарихтағы 700 миллиард доллар байлығы бар алғашқы адам
- Қар жауып, тұман түседі: 21 желтоқсанға ауа райы болжамы
- Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алды
- Сарапшы Қазақстандағы артиллерия зауытына қатысты РФ депутатының наразылығына жауап берді
- АҚШ Әділет министрлігі Клинтон мен Джексонның педофил Эпштейнмен түскен суреттерін жариялады
- Айс Мұратова мен туыстары 32 күн бойы тергеу изоляторында заңсыз қамақта отырды ма?
- БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 2 адам көз жұмды
- 55 млн теңге ұрлаған алаяқ Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды
- Ескі қазақстандықтар Дубайдағы виллаларын 20 миллиард теңгеге «сатып» жатыр