«Түрмеден босат!»: Астана мешітінде пышақ ұстаған азамат жұрттың зәресін алды
Фото: Pexels
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті өз жолдауын баяндап жатқан кезде, елордамыздың Сарыарқа ауданындағы мешітте пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін алды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Қолына пышақ ұстаған ер адам мешітке кіріп, әлдебір тұтқындарды түрмеден босатуды талап етті.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 102 арнасына шұғыл қоңырау түскен соң, полиция оқиға орнына жедел жетті. Жергілікті жерде 36 жастағы ер адам ұсталып, оның жанынан қолдан жасалған пышақ табылды. Кейіннен күдіктінің 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», деп хабарлады Астана қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
- Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды
- Коуч пен психологтардың құқықтық мәртебесі заңмен айқындалмақ
- Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі жайлы не білеміз?
- Сағатына 100 мың жалған хабарлама: Құпия деректер мен банктегі қаражатты қолды қылатын алаяқтардың жолы кесілді
- Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп айтқан «алтын дәуір» бастала ма?
- Әкімдіктегілер түстен кейін жұмысына оралады — Ақтөбе облысының әкімі
- Солтүстік Корея екінші күн қатарынан белгісіз снарядтарды ұшыруда — Оңтүстік Корея
- Қазақтың келінге қатысты салт-дәстүрлері мен ат тергеудің тәрбиелік мәні