Түркістандағы өрттен қаза тапқандардың ең кішісі 2024 жылы туған

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысындағы жантүршігерлік өрттен қаза тапқан балалардың ең кішісі 2024 жылы туған сәби екені анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қайғылы оқиға салдарынан бір отбасының бес баласы: үш қыз және екі ұл көз жұмған. Жалпы қаза болғандар 2009–2021 жылдар аралығында дүниеге келген балалар. 

Үйдің ішінен 12 адамның денесі табылды. Олардың тоғызы – балалар.

Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған. Тағы бір отбасының 2018 жылы туған қызы ғана аман қалғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, өрт 360 шаршы метр аумақты алған. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмысын жалғастырып жатыр. Тергеу басталды, өрттің себебі анықталып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өртке байланысты көңіл айтты. Ол облыс әкімдігіне зардап шеккендердің туыстарына барлық қажетті көмекті ұйымдастырып, қайғылы оқиғаның мән-жайын толық тексеруді тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар