Түркістанда тілсіз жау 12 адамның, оның ішінде тоғыз баланың өмірін жалмады
Фото: Pixabay
Түркістан облысының Алғабас ауылында бүгін таңертең екі қабатты үйден шыққан өрттен 12 адам қаза тапты, олардың 9-ы бала, деп хабарлайды Orda.kz.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде үй түгелдей жанып жатқан. Құтқарушылар тексеру барысында ес-түссіз жатқан үш адамды сыртқа шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырған. Үйдің ішінен 12 адамның денесі табылды, олардың тоғызы – балалар.
Көршілердің айтуынша, үйде қонақтар болған.
Өрт 360 шаршы метр аумақта сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмысын жалғастырып жатыр. Тергеу басталды, өрттің себебі анықталып жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өртке байланысты көңіл айтты. Ол облыс әкімдігіне зардап шеккендердің туыстарына барлық қажетті көмекті ұйымдастырып, қайғылы оқиғаның мән-жайын толық тексеруді тапсырды.
Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева оқиғаның егжей-тегжейін бөлісті. Оның айтуынша, «үйде екі отбасы тұрған, ата-аналар мен балалар бірге болған. Өрт кезінде шатыр қирап түскен».
Оқиға орнына өңірлік уәкіл мен психологтар тобы жіберілді.
Облыстық полиция департаменті өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады