Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін көпір опырылып түсті

cover Фото: Бейнеден кадр

Түркістан облысында автомобильдерге арналған көпір құлады. Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, көпір тірек бағаналарының түбінің шайылуы салдарынан құлаған. 

Келес ауданы әкімдігінің хабарлауынша, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Қошқарата елді мекені аумағында Келес өзені арқылы өтетін көпірде жарық пайда болғаны анықталған. Аталған көпір облыстық маңызы бар КХ-20 автожолының бойында орналасқан.

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев оқиға орнына барып, көпірдің жағдайымен танысты. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көпір арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған.

Қазіргі таңда көпір Түркістан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қарамағында.

Көлік қозғалысы үшін Алпамыс және Біртілек ауылдық округтері арқылы 10-15 шақырымды құрайтын айналма жолдар ұйымдастырылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылған.

Айта кетейік, «Air Astana» ұшағында төрт шетелдік араққа сылқия тойып алып төбелесті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар