Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген 12 адам тергеуге алынды

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысы Созақ ауданында 12 адам алтынды заңсыз өндірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура мәліметінше, күдіктілер рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы мен өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндірген.

Осыған байланысты қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 5 күдікті үйқамаққа алынды. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар