Туристік Түркістан тағы дауға ілікті: ағаштар қурап жатыр

cover Фото: Сергей Пономарёв

Қазақстандықтар Түркістанның туристік бөлігіндегі қураған ағаштардың суреттеріне ашулы, себебі нысан құрылысына 87 млрд теңгеге жуық қаражат кеткен. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев суару жүйесін өзгерту туралы бұйрық берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Журналист Сергей Пономарев өзінің Facebook парақшасында жаңа отырғызылған қымбат ағаштардың қурап қалғаны туралы айтты.

- Қымбат жаңадан отырғызылған ағаштар жапырақтары көгермей жатып, кенеттен қурап, толығымен құрғап кетті, - деп жазды Сергей.

Әлеуметтік желі қолданушылары суға жақын жерде ағаштар қурап жатқанына наразылық білдірді.

Техникалық кеңесте Түркістан облысының әкімі Шөкеев облыс орталығының суару жүйесі жаңартылып жатқанын, бұрын бұрғыланған ұңғымалар қосымша қолданылатынын айтты.

- Біз жасыл кеңістікті сақтауға күш салуымыз керек. Бұл ыстыққа ешбір ағаш сусыз төтеп бере алмайды. Екіншіден оларды желден қорғау үшін қоршаулар жасау қажет. Түркістанда абаттандыру мен суарудың жаңа жүйесі енгізілуде. Ол барлық 32 секторды қамтуы тиіс. Біз ағаштарды мұқият суарып, Түркістанды жасыл қалаға айналдыруымыз керек, - деді әкім.

Түркістан қаласында 10 сәуірде «Керуен-Сарай» көпфункционалды туристік кешені ашылды. Жобаны Turkistan Tourism City компаниясы жүзеге асырды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, ат спорты үшін амфитеатр, шығыс базары, сауда ойын алаңдары, қонақүйлер, мейрамханалар, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Ашылу салтанатына премьер-министр, Түркістан облысының әкімі мен ҚР Мәдениет және спорт министрі қатысты.

Бұл Қазақстан Венециясымен байланысты бірінші жанжал емес

Түркістандағы «Керуен-Сарай» кешенінің шатыры ұшып кеткен. Бірақ келесі күні қалпына келтірілген.

Кейін маусым айының ортасында «Керуен-Сарай» қабырғасын кішкентай бала қолмен шұқып, қиратқан. Желідегі суреттен қабырғаның пенопластан жасалғанын көруге болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар