Түркістан облысында балабақша меңгерушісі «өміріне қауіп төнгенін» мәлімдеді

cover

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Сазтөбе ауылының тұрғыны «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Ақмарал Бүрлібаева өміріне қауіп төнгенін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Бүрлібаеваның Orda.kz тілшісіне айтуынша, өзі басқарып отырған «Қарлығаш» балабақшасында 304 тәрбиеленуші бар. Үш күн бұрын балабақшаның жайы туралы екі жазба жариялаған. Онда балабақшаның қоршауы қирап жатқанын, шатырынан су өтетінін, есігі мен едені шірігенін жазған. Жазбаға ауыл әкімінен бастап Білім министрін тіркеген. Содан кейін оған арналған жазбалар шыққан. Бүрлібаева өзінің ғана емес, ұлының да өміріне алаңдайтынын айтады.

Фото: facebook / Бүрлібаева

- Балабақшаға қатысты жазған күні ауыл тұрғыны маған арнап жазба жариялады. «Бәлеқор, 24 сағатта ауылдан көшіреміз» деді. Мұны ауыл әкімімен байланыстырамын. Жазба жазған адам әкімнің туысы. Әйтпесе, ол кісімен бас араздығым болмаған, - дейді Бүрлібаева.

Сурет: facebook / Бүрлібаева

Бүрлібаева өзі мен ұлының өміріне қауіп төнгенін әлеуметтік желіде де мәлімдеді. Ол: «Маған қатты қысым басталды. Жұмыстан келе жатып немесе өз үйімде бір жағдайға ұшырасам, ол адамдардың тізімдері белгілі. Менің өміріме сол азаматтар жауапты. Менің басқа жауым жоқ» деп жазды.

Әйтсе де, Бүрлібаеваның жазбасынан соң Сазтөбе ауылының әкімі Асқар Айдарбеков бірнеше адаммен «Қарлығаш» балабақшасына барып, мән-жаймен танысқан. Ал балабақша меңгерушісі мәлімдеген қысым жөнінде әлеуметтік желіде тектелгенімен растап, не жоққа шығарып пікір білдірмеген.

Сурет: facebook / Бүрлібаева

Түркістан облыстық полиция департаменті Orda.kz-ке Бүрлібаеваның полицияға шағымданғанын растады.
Ақмарал Бүрлібаева тәрбиеші болып жұмыс істеп жүргенде әлеуметтік желіде балабақшаның жай-күйін жазып, артынан қысым көргенін айтып танылған. Ол түрлі тақырыптарда пікірін ашық білдіріп жүрген маман.

Сурет: facebook / Бүрлібаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар