«Тренд пе, мазақ па?»: есту қабілеті нашар таксисті видеоға түсірген блогер жұрт талқысына түсті
Коллаж Orda.kz
Блогердің есту қабілеті нашар таксистің көлігінде түсірген бейнеролигі қоғамның наразылығын тудырды. Бейнежазбада баласына шулауға рұқсат беріп, өзі дауыстап ән айтып, жүргізушіні сыртынан рұқсатсыз видеоға түсіргені байқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
TikTok блогер Нұрила Аманбаева желіде тарап кеткен бейнероликтен кейін кешірім сұрап, видеоны әзіл ретінде, америкалық трендке еліктеп түсіргенін айтты. Алайда желі қолданушылары бұл әрекетті ешқандай тренд емес, барып тұрған мазақ деп бағалады.
«Бейнероликті түнде жариялап, бірнеше сағаттан кейін өшірдім. Себебі мұндай әрекетімнің дұрыс емес екенін түсіндім. Біреудің көңіліне тиген болсам, кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды», – деді Аманбаева.
Сонымен қатар, Threads әлеуметтік желісінде блогердің әрекетіне қарсы жазбалар көбейіп, мыңнан астам қаралым жинаған. Тіпті адвокат Жохар Өтебеков бұл әрекеттің тренд емес, мазақ екенін айтып, таксистке заң тұрғысынан көмек көрсетуге дайын екенін жазды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран