Трамп Ресей мен Қытайды ядролық қарудан бас тартуға шақырды

cover Фото: AP photo

АҚШ басшысы ядролық қаруға қарсы шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол Франция президенті Эммануэль Макронның басқа еуропалық елдерге ядролық қорғаныс ұсынуға дайын екені туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

«Барлық ел ядролық қарудан бас тартса, тамаша болар еді. Бізде және Ресейде оның саны өте көп екенін білемін. Төрт-бес жылдан кейін Қытай да сол көрсеткішке жетеді. Егер біз барлығымыз ядролық қарудан бас тарта алсақ, керемет болар еді. Себебі ядролық қарудың күші «ақылға сыйымсыз» болуы мүмкін», – деді Трамп. 

Трамп алғаш президент болғанда денуклеаризация бағдарламасын енгізуге тырысқан. Сонымен қатар Ресеймен, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен бұл мәселені ортақ талқылапты. Бірақ билікке Джо Байден келіп, бұл мәселені көтермеген.

«Сол себепті біз төрт жылдан соң бұл мәселеге қайта оралуға мәжбүр болдық. Мен осы бағыттағы келіссөздерді қайта бастағым келеді», - деді АҚШ президенті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар