Трамп: Иран зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандаймыз

cover Фото: AFP

Трамп АҚШ операция барысында Иранның зымырандарын жойып, елдің зымыран өндірісін толықтай талқандайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оның 8 минуттық үндеуінде соққы мақсаты — иран режимінен америкалықтарға төнетін қауіпті жою екені айтылған. Трамптың сөзінше, 47 жыл бойы бұл режим «Америкаға өлім» деп ұрандап, қатардағы америкалықтарға, әскери қызметкерлерге және АҚШ одақтастарына қауіп төндіріп келген.

«Біз Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастадық, қатыгез иран режимінен төнген қатерді жоямыз», – деді Дональд Трамп өз сөзінде.

Сонымен қатар ол операция барысында АҚШ әскери қызметкерлері арасында шығын болуы мүмкін екенін де ескертті.

«Біз мұны қазіргі жағдай үшін істемейміз. Біз мұны болашақ үшін жасаймыз, бұл — асыл миссия. Әрбір әскери қызметкерге дұға етеміз, олар өз өмірін қатерге тігіп, америкалықтардың және біздің балаларымыздың ядролық қаруы бар Иран қатеріне ешқашан ұшырамауын қамтамасыз етеді. Біздің әскери қызметкерлер әлемдегі ең үздік, және олар жеңіске жетеді», — деді АҚШ президенті. 

Израильдік БАҚ Иран армиясының бас қолбасшысы Амир Хатами қаза тапқанын хабарлады. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Tasnim News Agency мәліметінше, жеті зымыран президент сарайы мен Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи резиденциясы маңына түскен.

АҚШ әскері Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастағанын Трамп өзі мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар