Трамп инаугурация өте салысымен Путинмен сөйлеспекші
Коллаж Orda.kz
Дональд Трамп өз командасына инаугурация өте салысымен Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
CNN-нің мәліметі бойынша Телефон арқылы болатын сөйлесудің басты мақсаты Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылау.
Бұған дейін Трамп қызметіне кіріскеннен кейін бір тәулік ішінде қақтығысты тоқтата алатынын мәлімдеген еді. Алайда Украинадағы әскери іс-қимылдардың жалғасуы бұл уәдені жүзеге асыруды қиындата түсті.
Трамптың жаңа тәсілі қазіргі президент Джо Байденнің саясатына қарама-қайшы келеді. Байден Путинмен тікелей келіссөздерден аулақ болса, Трамп бейбіт шешімге қол жеткізу үшін Ресей көшбасшысымен тікелей байланыс орнату қажет деп санайды.
Байденнің Украинаға әскери және барлау көмегін қамтитын стратегиясын жаңа әкімшілік сақтап қалар-қалмасы әлі белгісіз. Сондай-ақ, Трамп Киевке қандай қауіпсіздік кепілдіктерін ұсынуға дайын екенін және елді қалпына келтіруді кім қаржыландыратынын нақтыламады.
«Байден Путинмен тікелей сөйлесуден үш жыл бойы бас тартып келді, өйткені кез келген әңгіме қақтығысты шешуге септігін тигізуі мүмкін деп қорықты. Ал Трамп бұл мәселеге басқаша қарайды. Оның көзқарасын білетін адамның айтуынша, Путинмен тікелей байланыс — соғысты тоқтатуға мүмкіндік беретін шешімді іздеуге қажетті қадам», – деп жазады CNN.
Инаугурациядан өте салысымен тараптар келіссөздерге дайындықты бастайды деп күтілуде. Трамп жақтастарының пікірінше, бұл келіссөздердің сәтті өтуі қақтығысты аяқтаудағы шешуші қадам болмақ.
Басылымның мәліметінше, Трамп командасы бірнеше аптадан бері Путинмен диалогқа дайындалып жатыр. Швейцария мен Сербия келіссөздерді қабылдауға дайын екендерін білдірді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран