Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін

cover Фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Иран Ормуз бұғазы арқылы мұнай жеткізуге кедергі келтірсе, Иранға жасалатын соққылардың қарқынын 20 есеге дейін арттыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ осы уақытқа дейін Иран аумағындағы 5 мыңнан астам нысанаға соққы жасаған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. Ол қазір қарқынды жүріп жатқан операцияның жақын арада аяқталуы мүмкін екенін айтты. Бірақ оның осы аптада бітпейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол жақын уақытта лазерлік қару жүйелері енгізілетінін хабарлады.

Сонымен қатар, АҚШ мұнай бағасын төмендету үшін басқа елдерге мұнай саласына қатысты санкциялардың бір бөлігін алып тастауы мүмкін.

АҚШ басшысы аятолла Әли Хаменейдің ұлының жоғарғы көшбасшы болып сайлануына көңілі толмайтынын айтты. Дегенмен ол АҚШ оны нысана ретінде қарастыра ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Трамп Иран билігі жаңа құпия нысанда ядролық қару жасау бағдарламасын қайта жандандыруға тырысқанын мәлімдеді. Оның пікірінше, 2025 жылғы маусымда АҚШ жасаған соққылар болмағанда, Иран Израильді жойып жіберуі мүмкін еді. Сонымен қатар ол Иранның кейбір көрші елдері АҚШ-тың жағына шығып, Тегеранға қарсы әрекеттерге қатыса бастағанын айтты.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар