Тоқаевтың жарлығымен Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жарлыққа Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5-тармақшасына сәйкес атом саласын одан әрі дамыту және ядролық қауіпсіздікті нығайту мақсатында бірнеше қаулы енді. 

Президент қаулысымен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. 

Президент үкіметке энергетика министрлігінің және тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді тапсырды. Сонымен қатар жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуді міндеттеді. 

Ал жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелді. 

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар