Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

cover Фото: Ақорда

Президент Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Orda.kz.      

Нұралхан Көшеров өңір экономикасының өсімі 113,9% болғанын баяндады.Оныі айтуынша мемлекеттік бюджетке түскен салық 1 трлн теңгеге жеткен.

2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды, оның 1,4 трлн теңгесі – жеке инвестициялар. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,4 млрд доллар болды.

Өңірде былтыр 340 млрд теңгеге  58 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Өңірде 21 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Тұран арнайы экономикалық аймағында 315 млрд теңге көлеміндегі 26 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды. 

Ауыл шаруашылығында мақта-тоқыма, жүгері және ет кластерлері дамып келеді. Олардың толық іске қосылуынан кейін 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 479,5 млрд теңгеге артады деп күтілуде. Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе қысқарғаны баяндалды.

Жұмыспен қамту шараларымен 148 мың адам қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6% болған. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысы, жол инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар