«Тоқаев мырза! Бейбіт тұрғындар қаза тапты»: Ауғанстан қазақтары Солтүстікке көшуді сұрады

Orda.kz тура бір жыл бұрын Ауғанстандағы қазақтардың ауыр тағдыры жайлы және олардың Атамекенге оралғысы келетіні жайлы жазған болатын. 11 қазанда Ауғанстан мен Пәкістан арасында қарулы қақтығыс басталған болатын. Жақында ғана сол қақтыс тоқтады, дегенмен жақындарының өміріне алаңдаған ондағы қазақтар ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа елге оралуға көмектесуін сұрап хат жолдады.
Orda.kz тілшісі әлемдегі қауіпті елдердің біріндегі қазақтардың жағдайы жайлы баяндайды.
Әуелі тыйым салынған Талибан қозғалысы билікке келгелі елдегі экономикалық жағдайдың санкцияларға байланысты құлдырағанын айта кетейік. Күнкөрістің қиындығы өз алдына, бұл мемлекет ислам дінінің қатаң догмаларына қарай әлемнен көбіне оқшау қалған ел. Қыркүйектің соңында «азғындықпен күресу» деп діни ұстанымды желеу етіп, тәліптер Ауғанстандағы интернет желісін толығымен өшірді. Ал БАҚ және сөз еркіндігі деген атымен жоқ. Әйелдер оранып жүреді, 6-сыныптан кейін білім алмайды. Ауғанстанды мемлекет деп әлемнің көптеген елдері мойындамаған. Бір қызығы шілде айының басында Ресей Федерациясы Ауғанстан билігін заңды деп таныған алғашқы мемлекет болды. Әрине, бұл қиындықтардан да қауіпті жағдай бар. Ауғанстан мен Пәкістан арасында қақтығыстар болып тұрады. Бұл қарулы қақтығыстардан шекарада қаза тауып жатқан әскерилер де бар.
Қазір Пәкістан мен Ауғанстан оқ атуды тоқтатуға келіскенімен, қай кезде соғыс оты тұтана қалатынын білмей, жақындарының амандығына алаңдаған қазақтар сыртқы істер министрлігіне және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш жасап хат жолдады.
Ауғанстан қазақ мәдениет орталығының төрағасы Қажы Асат Оймауыт жолдаған хатында Ауғанстанда 200-300-дей қазақ отбасының бар екенін айтып, олардың руларын атап өтті.
«Қазіргі таңда Ауғанстанда шамамен 200-ден астам, 300-ге жуық қазақ отбасылары өмір сүруде. Олардың бір бөлігі Қасым хан мен Тәуке хан дәуірінде қоныс аударған Қыпшақ, Қаңлы, Алшын, Қоңырат руларының ұрпақтары болса, кейінгі толқын ХХ ғасырдың 1920-1930 жылдары келген Найман, Керей және Сарқасқа руларының өкілдері. Ауғанстандағы саяси ахуалдың тұрақсыздығы мен әлеуметтік киындықтарға байланысты қазақтардың жағдайы өте күрделі. Ел заны бойынша жеке куәлікте «ауған» деп жазылады, ал шын мәнінде біз көне қыпшақ тілінде сөйлейтін қазақтармыз»деді Ауғанстан қазақ мәдениет орталығының төрағасы Оймаут Асат.
Қажы Асат Оймауыт жергілікті халық парсы және пушту ұлттарының арасында өмір сүргендіктен, тұрмыс-салт пен тіл жағынан соларға ұқсас болса да, ұлттық болмысты әлі сақтап келе жатқандарын айтты.
«Бейбіт өмірді қалайтын, отанына адал қазақтармыз»
Қажы Асат Оймауыт Ауғанстанда қазақ тілінде білім беретін мектеп жоқ екенін атап өтті. Емханалар мен дәріханалар жетіспейді, жұмыссыздық жоғары, әлеуметтік жағдай төмен. Ол қандай жағдай болса да, ұлттық болмысты сақтап қалу үшін, тіл мен дәстүрді насихаттау үшін Ауғанстан казақ мәдени орталығын құрғандарын айтты.
«Өкінішке қарай, Ауғанстанда қазақ тілінде білім беретін мектептер жоқ. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері мен оқулықтары жеткіліксіз. Қыз балалардың білім алу мүмкіндігі шектеулі. Емханалар мен дәріханалар жетіспейді, жұмыссыздық жоғары, әлеуметтік жағдай төмен. Осы олқылықтардың орнын толтыру және ұлттық бірлікті нығайту мақсатында біз Мазар-и-Шариф қаласында Ауғанстан казақ мәдени орталығын құрдық. Бұл орталықта біз қазақтың тілі мен дәстүрін насихаттап, Наурыз мейрамын атап өтеміз, шежіре жырларын айтып, жетім-жесірлерге көмек көрсетеміз», —деді Оймаут Асат.
Ол халықтың айналдырған 200-300-дей отбасының тұрмысы жайлы айтып, дін мен саясаттан ада, бейбіт халық екендерін де баяндады.
«Біздің халықтың негізгі кәсібі мал шаруашылығы мен диқаншылық. Сонымен қатар, кыздарымыз кілем тоқу, кесте тігу, тігіншілікпен айналысады. Білімге құштар, дарынды жастарымыз бар; кейбірі YouTube арналарын жүргізіп, ағылшын, парсы, пушту және араб тілдерін еркін меңгерген. Біз діни және саяси экстремизмнен аулақ, бейбіт өмірді қалайтын, отанына адал қазақтармыз», — деді Оймаут Асат.
«Президент, мырза! Ауғанстандағы қазақтарға үлкен қауіп төнді»
Қажы Асат Оймауыт 2025 жылдың 9 қыркүйегінде Пәкістан-Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс басталғанын, соның салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын мәлімдеді. Ол Ауғанстандағы аз қазаққа қауіп төніп тұрғанын айтып, тікелей Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қазақстан үкіметінен Атамекенге көшуге көмектесуін сұрайды. Ол елдің ҚР солтүстік өңірлерге қоныстануға дайын екенін айтты.
«2025 жылдың 9 қыркүйегінде Пәкістан-Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс басталып, соғыс оты өршіп тұр. Күн сайын бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр. Бұл жағдай Ауғанстандағы қазақтарға да үлкен қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты, мен Ауғанстандағы 300 қазақ отбасыларының атынан Қазақстан Республикасының Президенті, Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзадан және Қазақстан Үкіметінен бізді тарихи отанымызға көшіру жөнінде көмек көрсетуіңізді өтінемін. Біз барлығымыз бір ауыздан Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қоныстануды қалаймыз», — деді Ауғанстан қазақ мәдениет орталығының төрағасы Оймаут Асат.
«Ант береміз!»
Ол Отанды қадірлеп, елді дамытуға, адал қызмет етуге ант беретіндерін де ашық айтты.
«Отанымыздың әрбір ағашын, әр тамшы суын қадірлеп, қолымыздан келген еңбегімізбен ел дамуына үлес қосуға, мал шаруашылығын, егіншілікті өркендетуге, ғылым мен білім үйреніп, елімізге қызмет етуге ант береміз. Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеп, мәдениетті, өркениетті, білімді азамат болуға бар күшімізді саламыз. Құрметті Президент мырза, Сізден біздің өтінішімізді кабыл алып, тарихи отанына оралғысы келіп отырған Ауғанстандағы қазақтарға қолдау көрсетуді сұраймыз», — деді Оймаут Асат.
Шеттегі қазақты мына ұлан-ғайыр даламызға, атамекеніне біз шақырмасақ, оларға құшақ жаятын басқа ұлт жоқ екені бәріне түсінікті шығар. Жат елде өгей болған қандастардың жағдайы осындай. Олардың әлі ассимиляцияға ұшырай қоймағанын ескерсек, елге келіп алса, санасы, көзқарасы өзгеріп, жергілікті халыққа сіңіп кетуі мүмкін. Өздері өзгермеген күннің өзінде Қытай, Моңғолия, Өзбекстан т.б. елдерден келген қазақтар секілді балалары мектепке барып, білім алып, осы елдің бір-бір азаматы болуы мүмкін.
Бір жыл бұрын тамыз айында «Ауғанстан қазақтарының мәдени қоғамы» атты қоғамдық ұйымның ресми тіркеуден өткен еді. 204 жылы Orda.kz Ауғанстан қазақтары жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- «Тоқаев мырза! Бейбіт тұрғындар қаза тапты»: Ауғанстан қазақтары Солтүстікке көшуді сұрады
- Қоспаевтың содырлары сотта Әбдіғаппарованы 9 пәтерді алды деп айыптады
- Алматы мен Варшава арасында тікелей рейс ашылады
- Енді әлеуметтік желіде репост жасағандарға айыппұл салынады
- Қостанай облысында тойда 150 адам уланып қалды
- Енді ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін
- Бізде ақша тым көп, содан инфляция болады – Сүлейменов
- Рудныйда телефон жөндеймін деп адамдардың есеп шотынан ақша ұрлаған ұры ұсталды
- Ақмола облысында әкесі мен баласы өртке оранған үйден үш баланы аман алып қалды
- Шымкентте бұрынғы депутатқа екінші рет іздеу жарияланды
- Қазақстандағы ең үлкен мектептің қазақ тілінде ашылуына ата-аналар қарсы шықты
- Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды қайта бастады
- Ақтөбеде танымал дәрігерді аяусыз өлтірген әріптесі 20 жылға сотталды
- Биволдың бұрынғы әйелі қазақ пен қырғыз халқын қорлағаны үшін тергеуге алынды
- 15 жастағы қызды жүкті қылған 71 жастағы туысының ісін жылы жапқан полицейлер тексерілуде
- «Дуров суға батып кетті»: ЖИ неге басқа тілден қазақ тіліне қате аударады?
- «Қайрат» Чемпиондар Лигасындағы келесі ойынды Астанаға өткізуі мүмкін
- Президент кортежі кесірінен жүкті әйел қаза тапты
- Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы заңсыз бұйрықты орындағаны үшін айыппұл төледі
- «Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншіледі