Тоқаев мемлекеттен бөлінетін қаржыға қол жайып отыратын спорт федерациялары басшыларын сынап тастады

Бүгін, 17 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігі спорт федерацияларымен өзара байланыс орнатып, белсенді жұмыс істегені жөн деп санайды. Президент өз сөзінде тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отыратын спорт федерациялары басшыларын сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Тоқаев спорт федерациялары басшылары спорттың мәнісіне терең бойламайтынына наразы. Әрі спортшылардың жеңісін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындардың барын айтты.
«Жалпы, бүгінгі таңда спорт федерациялары абырой-бедел жинайтын құрылымға айналып кетті. Көптеген федерацияны ірі бизнес өкілдері және мемлекеттік мекеме басшылары басқарып отыр. Бірақ ашығын айтуымыз керек, кәсіпкерлер осы қоғамдық маңызы бар іске өз қаржысын салуға құлықсыз, тек мемлекеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырады. Мұндай теріс, жағымсыз үдеріске тосқауыл қою керек. Осы мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізу қажет. Бұл жұмысты президент әкімшілігіне тапсырамын», – деді Президент.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, спорт және дене шынықтыруға қолдау көрсетуді құрметті қоғамдық миссия және үлкен азаматтық жауапкершілік ретінде қарастыру керек екен.
«Мемлекет кәсіпкерлерді, соның ішінде ірі бизнесмендерді қолдайды. Бірақ мемлекет пен қоғам да олардың осыған сай әрекет еткенін күтеді. Атап айтқанда, бұл спортты, мысалы футболды коммерцияландыру мәселесіне қатысты. Туризм және спорт министрлігі мен спорт федерацияларының арасында тең құқылы диалог өрбіп, міндеттері мен құзыреттері нақты айқындалған ынтымақтастық жолға қойылуға тиіс», — деді мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша дағдарысқа қарсы жаңа шаралар қабылданды.
Жаңалықтар
- Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге рұқсат берді
- Тегеран санкцияларға құқықтық негіз жойылғанын мәлімдеді
- Алматыдағы жер жанжалы: әкім мәселені бақылауға алды
- Жанармай бағасы өспейді: Энергетика министрлігі түсініктеме берді
- Зеленский мен Трамп Ақ үйде не туралы уағдаласты
- Премьер баға өсімін тежеді. ҚР әскерінде тағы да өлім-жітім өршуде. «Орда» ЕҚЫҰ конференциясында
- Бас прокуратура рейдерлікке қатысты Нұрбол Назарбаевтың аты аталған істі қайта жандандырды
- Абайлаңыз, жоғары кернеу: астаналықтарға LRT қаупі туралы ескертілді
- Сотталған марафоншы Марат Жыланбаев үзіліссіз аштық жариялады
- Алматыда жойқын соқтығыс болып, бес адам зардап шекті
- Антикордың бұрынғы басшысы бас прокурордың орынбасары лауазымына ие болды
- Жамбыл облысындағы мектептегі буллинг: балалар құрбан болып жатыр, жауаптылар оны жасырып әлек
- Өскемендегі көмір жеткізу мәселесіне қатысты ҚТЖ жауап берді
- Алматыда веложарысқа байланысты қозғалыс шектеледі
- «Видеосын таратқан»: Жетім қызды зорлаған оқушылардың арасында қыздар да бар
- Путин Дональд Трампты ызаға булықтырды
- Lenovo компаниясының директорын өлтіруге тапсырма берген күдікті ұсталды
- Қазақтарды «мамбет» деп кемсіткен қарағандылық Аликаға прокурор 4,5 жыл сұрады
- Қызылордада 10-сынып оқушысын сыныптастары соққыға жықты
- Орыс тілін Конституциядан алып тастау керек — Жалғас Ертай