Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады

cover Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентінің арнаулы өкілі – президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тоқаев Корея Республикасы Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі саналатынын айтты.

Президент Қазақстанның корей халқына және Корея Республикасының даму деңгейіне құрметпен қарайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңге сәлемін жолдады. Сондай-ақ, Кан Хун Шиктің сапары қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін айтты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар