Тоқаев Ерлан Қаринмен кездесті
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринмен кездесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ерлан Қарин Тоқаевқа парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы баяндады. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, e-Otinish мемлекеттік платформасы мен Egov сервисінде «Парламенттік реформа» арнайы бөлімі іске қосылғалы бері бір айдың ішінде азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан осы мәселеге қатысты 300-ге жуық ұсыныс келіп түсіпті.
«Бұдан бөлек, 6 саяси партия, атап айтқанда, «Amanat», «Ауыл», «Ақ жол», «Respublica», Қазақстан Халық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз ұсыныстарын жолдады. Онда бір палаталы парламенттің қызметі мен парламенттік партиялардың өкілеттігіне қатысты тетіктер қамтылған», — деді Қарин.
Сонымен қатар, парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сарапшылық материалдар әзірледі. Жұмыс тобының екінші отырысын биыл 2 желтоқсанда өткізу жоспарланған.
Мемлекет басшысы келіп түскен барлық бастаманы жан-жақты қарап, олардың негізінде парламенттік жүйені жаңғырту бойынша нақты ұсынымдар әзірлеуді тапсырды.
Айта кетейік, 8 қазанда мемлекет басшысы «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойып, Ерлан Қаринді жетекші еткен еді.
Жаңалықтар
- Әнші Абай Бегейдің қызы жазадан құтылды
- Тоқаев Ерлан Қаринмен кездесті
- Сенатқа үш жылдық бюджет туралы заңдар ұнамады: Құжат мәжіліске қайтарылды
- Түркістанда жекеменшік мектептердің мұғалімдері жарты жыл бойы айлық алмады
- Путинге қарасты кеңес «Северный Казах» бойынша Қазақстанға үндеу жібермек
- «5 жыл бұрын жоғалған»: Астаналық ер адамды іздеп тапқан адамға сыйақы беріледі
- Дикий Арман және Қанды қаңтар ісі: Тағы да 29 адамға үкім шықты
- Бейтаныс ер адам үйіне қайтып бара жатқан қыздың басын таспен ұрып, қан-жоса етті
- Астанада 23 мыңнан астам адам тұмау жұқтырды: Қалада шараларға шектеулер қойылды
- Ақорда өз қызметкерінің екі рет сатылған тұрғын үй кешеніне қатысы жоғын мәлімдеді
- Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер болып қалды
- СҚО-да элеваторда жұмыс істеген 34 жастағы әйелді қамбадағы астық басып қалып, қаза тапты
- «Судья мен алқабилер ауысты»: 30 млн бопсалаған блогерлерге қатысты сот қайта басталды
- АҚШ пен Ресей Украинадағы соғысқа қатысты құпия жоспар дайындап жатыр
- «Ең ауыр атыстың бірі»: Ресейдің Тернопольге шабуылынан кейін 19 адам қаза тапты
- Алғабастағы өрттен зардап шеккендердің бірі санавиациямен Шымкентке жеткізілді
- Өскемендегі түрмеде бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрттің алдын ала себебі анықталды
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды