Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылатыны туралы құжатқа қол қойды

cover Фото: Ақорда

Жуырда мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесі Жарғысына қол қою рәсімі өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптан Газа мәселесі бойынша құрылып жатқан Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге ресми шақырту алған алғашқы тұлғалардың бірі болды. Сондай-ақ Қазақстанға осы Кеңестің негізін қалаушы мемлекеттердің бірі болу ұсынылды. Президент америкалық көшбасшыға жауап хат жолдап, алғысын білдіріп, жаңа бірлестікке қатысуға келісімін жеткізді.

Қазақстан Президенті бұған дейін америкалық көшбасшыға жауап хат жолдап, алғысын білдіріп, жаңа бірлестікке қатысуға келісімін берген болатын.

Вашингтонның тұжырымдамасына сәйкес, Бейбітшілік кеңесі стратегиялық бақылауға, халықаралық ресурстарды жұмылдыруға және Газаның бейбіт дамуына қатысты міндеттемелердің орындалуын қадағалауға жауапты болады.

Ақ үйдің хабарлауынша, құрылтайшы атқарушы кеңестің (founding executive board) құрамына жеті адам кіреді. Олар — дипломатия, даму, инфрақұрылым және экономикалық стратегия салаларында тәжірибесі бар көшбасшылар. Құрылтайшы атқарушы кеңестің әрбір мүшесі Газаны тұрақтандыру үшін аса маңызды саналатын жекелеген бағыттарға жауапты болады.

Сонымен қатар Газаның атқарушы кеңесі (Gaza executive board) құрылады. Бұл орган сектордың жаңа үкіметінің қызметін бақылайтын болады. Аталған кеңес құрамына 11 адам енеді, оның ішінде құрылтайшы атқарушы кеңестің төрт мүшесі бар.

Бұған дейін Дональд Трамп жаңа бірлестікті «кез келген уақытта әрі кез келген жерде құрылған ең ұлы және ең беделді кеңес» деп атаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуы туралы құжатқа қол қойды.

Еске салсақ, Қазақстан президенті Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа органның негізгі мақсаты — елдің Негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.


Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар