Тоқаев әуежайда шабуылдаушының қаруын тартып алған адамды мемлекеттік наградаға ұсынды

cover Фото: Видеодан кадр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайда шабуылдаушының суық қаруын тартып алған адамды мемлекеттік наградаға ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы мәлімдеді. Руслан Желдібай Тоқаевтың Алматыдағы әуежайда болған оқыс жағдайдан хабардар екенін айтты. 

«Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуға тапсырды» деп жазды Руслан Желдібай. 

Еске салайық, ер адам Алматы әуежайы қызметкерін кепілге алды. Оқиға бүгін сағат 11: 45-те болды. Көп өтпей шабуылдаған адам қолға түсті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар