Тоқаев сайлаудың біреуге ұнау үшін өтпейтінін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Президент ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің басшыларының тікелей сайлауы саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін маңызды әрі тарихи оқиға екенін атап өтті.
– Шын мәнінде, ел тарихында осындай сайлау алғаш рет ашық әрі әділ өткізіліп отыр. Халық тарапынан ешқандай шағым түспеді. Мұндай сайлау болған емес. Біз сайлауды біреуге ұнау үшін емес, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін өткіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл сайлаудың ауылдағы ағайынға өз әлеуетін толық пайдаланып, елді мекендерді дамыту үшін жаңа мүмкіндік беретініне тоқталды.
Президент әкімдердің сайлауалды жұмыстарына оң баға беріп, олардың қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев олардың халық сенімін ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына сенім білдірді.
Жиын соңында жаңадан сайланған әкімдер Мемлекет басшысына өз бастамасын жүзеге асырғаны және еліміз бен ауылдарының игілігі жолында еңбек етуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.
Жаңалықтар
- Өнеркәсіп министрі депутаттармен және белсенділермен қайта өңдеу төлемі мәселесін талқылады
- Тоқаев «Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі туралы» заңға қол қойды
- Атырау облысы Мақат ауданының әкімі Ринат Ибрагимов мәлімдеме жасады
- Қазақстанда теократиялық жүйе орнатқысы келген 8 адам сотталды
- Қазақ тілін және ел тарихын білмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығарылады
- «Медеу» табиғи саябағындағы 35 гектар болатын 10 жер телімі мемлекетке қайтарылды
- «ҚазАвтоЖол» жол бойындағы сервисті дамытуға шақырады
- «Қазақфильм» жобалары мемлекет қаражатының 95 пайызын өтемейді
- Маңғыстау облысының жаңа әкімі таныстырылды
- Құлсарылықтарға Қаржы министрлігі көмектесе ме?
- 350 мың доллар пара беруге итермелеп, он жылға бас бостандығынан айырылды
- Атырау облысының әкімі Шәпкенов төтенше жағдайларды жою жөніндегі штаб отырысын өткізді
- «Азаттық» тілшісіне қоқан-лоқы жасалды
- Бюджеттегі ысырапшылдық: 500 миллиард теңгеге жуық қаржы құрдымға кетті
- Полиция Жылыой әкімдігі алдында шатыр тігуге бөгет жасады
- Тараз полицейлері тыныс алуы тоқтаған баланы аман алып қалды
- Су басқан аймақтардағы оқушылар емтиханнан босатылады
- Лудомандар санын азайту үшін 80 млн теңге бөлінуі мүмкін
- Новороссийскіге ұшқышсыз шабуыл: Қазақстан мұнайының экспортына қауіп төніп тұр ма?
- БҚО-да түлектердің ақшасына жасалған ұстазға арналған ескерткіш бұзылды