Тоқаев коронавирус жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус жағдайы нашарлап бара жатқанын айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиында президент соңғы уақытта коронавирус жұқтырған адамдардың саны күрт өскенін айтты.

– Күн сайын 5 мыңнан астам пациент тіркеледі. Бір апта бұрын біз бұл мәселені үкіметтің кеңейтілген отырысында қарадық. Ол кезде үкімет бәрі бақылауда деп мәлімдеді.

Бірақ, өкінішке қарай, жағдай жақсарып жатқан жоқ. Керісінше, эпидемиологиялық жағдай нашарлауда. Әсіресе елордадағы жағдай қиын, - деді Тоқаев.

Президент көп елді-мекендердің «қызыл» аймақта екенін атап көрсетті.

 – Ауыр және өте ауыр аурулары бар науқастардың саны күн сайын артып келеді. Өкінішке қарай, біз өз азаматтарымызды жоғалтып жатырмыз. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бізге тиісті жұмыс жоспарын әзірлеп, оны іске асыру қажет, - деді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар