TikTok желісі өлім жағдайы көбеюіне байланысты жұмыс уақытын шектеді

cover Фото: Narin_Photo

TikTok әлеуметтік желісіне иелік ететін қытайлық ByteDance компаниясы қызметкерлердің жұмыс уақытын тәулігіне тоғыз сағатқа дейін шектеуді бұйырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қытайлық интернет компаниясының қызметкерлері аптасына алты күн – 9:00-ден 21:00-ге дейін жиі 12 сағат жұмыс істейтіні анықталды. Бұл туралы Bloomberg басылымы жазды.

ByteDance Қытайдағы қысқартылған жұмыс уақытын ресми түрде белгілеген алғашқы технологиялық компаниялардың бірі болды, делінген ақпаратта.

Жаңа саясатқа сәйкес, ByteDance дүйсенбіден жұмаға дейін қатаң түрде сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмысқа кешігу үшін кем дегенде бір күн бұрын басшылардан рұқсат сұрау керек.

ByteDance Ltd – бірқатар танымал қызметтерге (соның ішінде TikTok және Xigua бейне алмасу платформалары, Toutiao және BaBe жаңалықтар агрегаторлары, Helo әлеуметтік желісі) иелік ететін қытайлық жеке интернет-холдинг. 2012 жылы Чжан Йимин негізін қалаған, штаб-пәтері Бейжіңде орналасқан (компания ресми түрде Кайман аралдарында тіркелген).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар