Threads-та жаңа функция пайда болады
Фото: Bloomberglinea.com
Threads-та «Dear Algo» («Құрметті алгоритм») атты функция пайда болады. Яғни, желі қолданушысы платформа алгоритміне тікелей жазып, лентада нені көбірек немесе азырақ көргісі келетінін айта алады, деп хабарлайды Orda.kz Meta компаниясына сілтеп.
Meta мәліметінше, Threads-тағы Dear Algo атты жаңа функция жасанды интеллектке негізделген.
Threads-тағы ашық жазбада «Dear Algо» деп, одан кейін нені көбірек немесе азырақ көргіңіз келетінін жазу керек. Мысалы, егер танымал подкастар туралы көбірек контент көргіңіз келсе, «Dear Algo, маған подкастар туралы жазбаларды көбірек көрсет» деп тапсырма бересіз.
Dear Algo желі қолданушыларының өтініші бойынша лентаны үш күн бойы соған сәйкес реттейді.
Бірақ Dear Algo-ны қазақстандық желі қолданушылары қарізге пайдалана алмайды. Функция АҚШ-та, Жаңа Зеландияда, Австралияда және Ұлыбританияда қолжетімді. Жақын арада оны басқа елдерде де іске қосу жоспарлануда.
Threads — Meta компаниясы іске қосқан әлеуметтік желі. Ол Instagram-ның «мәтіндік нұсқасы» әрі Twitter (қазіргі X) платформасына балама ретінде жасалған. Платформа қысқа жазбаларға, қарапайым интерфейске және Instagram аккаунттарымен біріктірілуге басымдық береді. Осы интеграцияның арқасында Threads-қа қысқа уақыт ішінде 100 миллионнан астам қолданушы тіркелді.
Threads Қазақстанда ресми түрде 2023 жылдың шілдесінде қолжетімді болды. Платформа тез арада танылып, күнделікті өмірге қатысты жазбалар алаңына айналды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты