«Теңізшевройл» мен оның еншілес ұйымы «Самұрық-Қазынаға» қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін миллиардтаған доллар айыппұл салынды
2023 жылдың тоғыз айында экологиялық ережелерді бұзғаны үшін салынған айыппұлдардың басым бөлігі «Теңізшевройл» мен «Самұрық-Қазына» қорының еншілес кәсіпорны Karabatan Utility Solutions компаниясына тиесілі.
Бұл туралы Экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік инфрақұрылымын салған оператор «Karabatan Utility Solutions» компаниясына Экология министрлігі төрт рет жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде 7,3 млрд теңге айыппұл салынды.
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС-де экологиялық рұқсатсыз парниктік газдар мен сарқынды суларға квота бөлу, жерді бүлдіру және берілген ұйғарымды орындамау бойынша бұзушылықтар анықталды», - деді Ошурбаев.
Оның айтуынша, «Теңізшевройл» компаниясына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 337-бабы «Жерге зиян келтіру» және 328-бап «Қоршаған ортаға жол берілетін техногендік әсер ету нормаларын бұзу» осы екі бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оларды 2,8 миллиард теңге айыппұл төлеуге міндеттеді.
«Бар болғаны тоғыз айда Экология министрлігі 500-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізді, нәтижесінде 1224 заң бұзушылық тіркеліп, 10,7 млрд теңгеге 1500 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 1369 әкімшілік айыппұл өндірілді», - деді Ошурбаев.
Дегенмен осы уақытқа дейін өндірілген сома небәрі 1,2 миллиард теңге.
Жаңалықтар
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді