Татарстанда Ахмет Байтұрсынұлының бұрын еш жерде жарияланбаған суреті табылды
Фото: Facebook / Қайырбек Кемеңгер
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының татар зиялыларымен бірге Қазан қаласында түскен тарихи суреті табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы 1927 жылдың күзіне қарай Қазанға араб жазуын реформалау жөніндегі комиссия мүшесі ретінде барған. Сол сапарда түсірілген сурет бүгінде Қазақстан тарихының жаңа қырын ашып отыр. Сурет Татарстан республикасының астанасы Қазан қаласында орналасқан Татарстан ұлттық мұражайынан табылды.
Бұл суретті ғалым Қайырбек Кемеңгер өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Суретте әуелде тек татар зиялысы Мұхаммед Ыдырысовтың ғана есімі көрсетіліпті. Сонымен қатар «Араб жазуын реформалау конкурсына қатысушылар. Қазан, 1927» деп жазылған. Қайырбек Кемеңгердің айтуынша, 22 адамның арасында Ахмет Байтұрсынұлы — жалғыз қазақ.
Ғалым Қайырбек Кемеңгер ұлтымыздың ұстазы, бүтін бір әдебиетіміз бен тілімізге, мәдениетімізге өлшеусіз үлес қосып кеткен Ахмет Байтұрсынұлын жазбай танығанын айтты.
Қазандағы мұражай қызметкері Гүлнәз Жиһангерова жәдігерді тапқан сәтінде суреттің шығу тарихына қатысты деректерді ұсынған екен.
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының татар зиялыларымен Қазан қаласында түскен суреті. Көрнекті қайраткер Татарстан астанасына 1927 жылдың күз айында араб жазуын реформалау жөніндегі комисмия мүшесі ретінде барған екен» деп жазды Қайырбек Кемеңгер.
Еске сала кетсек, биыл 31 мамыр күні «Almaty Theatre» ғимаратында болуы керек саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған концерт өтпей қалған еді. Еркеш Шәкеев ұйымдастырмақ болған концертте Алаш жинағының тұсаукесері өтуі керек болған. Бұл ашаршылық құбандары мен репрессия кезінде қудаланған қазақ зиялыларына арналған ауқымды шара болатын еді.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады