Тараздағы тергеу изоляторына «жылу» тасыған дрон құлады
Фото: Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Таразда досына екі ұялы телефон мен сим-картаны дронның көмегімен тергеу изоляторына өткізіп жібермекші болған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
№ 67 мекеме қызметкерлері ұшқышсыз ұшақты дер кезінде байқап қалды. Жедел қызмет оқиға орнына шыққанда, ұшқыш басқарудан айырылып, қоршауға соғылып, көрші тұрғын үйдің ауласына құлады. Тәртіп бұзған адам дәл сол жерде ұсталды.
«Алдын ала ақпарат бойынша, техника ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша есірткі сатқаны үшін жазасын өтеп жатқан қамаудағы адамға танысының жіберген «сыйы». Барлық алынған заттар сараптамаға жіберілді, тексеріс жүргізіліп жатыр, - деді № 67 РММ бастығының м.а., әділет подполковнигі Жаснұр Сабыралиев.
Дәл осылай биылғы сәуір айында Ақтөбеде дрон арқылы колонияға заңсыз заттарды өткізбек болған. Колонияның жедел бөлімі мен әскери бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды өткізуге тосқауыл қойды.
Бас прокуратура тамыз айында лазер немесе дрон қолдану арқылы ұшақтың ұшуына кедергі келтіргендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтар
- Иран соғысында қол ұшын бермеген еуропалықтарға Трамптың өкпесі қара қазандай
- Атырауда бір отбасын түгелдей қырып салған күдіктіге тағы екі бап бойынша айып тағылды
- Алматыда оқушы өзіне қол салып, қылмыстық іс қозғалды
- Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, бір адам комада жатыр
- ИРНА: Иран зымырандары Израильдің орталық аймақтарына жетті
- Наурызда өтетін матчтарға қатысатын футболшылардың тізімі белгілі болды
- Бүкіл ел бойынша дауылды ескерту
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді