Таразда белгісіз адам депутатты кастетпен ұрып, жақ сүйегін сындырды
Фото: instagram/ nureke _altynbekovih
Таразда Алматы облысының депутатын белгісіз адам бетінен кастетпен ұрып, жақ сүйектерін сындырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 13 мамыр күні кешкі уақытта Жамбыл облыстық ПД ғимаратының жанында орналасқан «Ғибрат» кафесінде болды
Депутат әрі заңгер Нұрлан Байғазиев жақ сүйектері сынып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол ауруханада отаға дайындалып жатыр.
«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, алайда ол ауруханаға жатудан бас тартты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Telegram-арнаның мәліметінше, Байғазиев Таразға іссапармен келген және заңгер ретінде клиенттермен кездесулер өткізіп жүрген. Сол сәтте оған белгісіз біреу шабуыл жасап, кастетпен ұрған көрінеді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран