Танымал блогердің күйеуі ұлттық құрамаға шақырылды
Фото: sportplus
Қазақстандық блогер Мерей Әбілованың күйеуі Дінмұхамед Қашкен ұлттық құрамаға шақыртылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Ұлттық құрамасы алдағы болатын Солтүстік Македония мен Лихтенштейнге қарсы ойында шығатын өзінің құрамын жариялады.

Қорғаушылардың арасында испаниялық «Атлетико Мадридтің» түлегі талдықорғандық «Жетісу» клубының ойыншысы Дінмұхамед Қашкен де шақырылды. Ол бұған дейін «Қайсар», «Ақтөбе», литвалық «Жальгирис» және «Хан Тәңірі» мен «Ұлытау» футбол клубтарында доп тепкен. Ал қазіргі «Жетісу» клубында тек бір гол мен көзге түсті.
Құрамаға шақырылған тізімдердің ішінде Дінмұхамед Қашкеннің болғанына футбол сүйер қауым теріс пікір білдірді.
«Басқаларына мақұл дейміз. Қашкен не үшін керек? Алдымен «ол футболшы ма?» деген сұрақ қою керек қой» деп жазды оқырмандар пікір алаңына.
Ал кей қолданушылар оның орнына «Ұлытау» клубының капитаны әрі қорғаушысы Демият Сламбековті шақыру керек екенін жазды.
«Димаш Қашкеннен басқа Қазақстан Премьер лигасында қорғаушы табылмады ма?» деп жазды желі қолданушылары.
Қазақстан Ұлттық құрамасы 10 қазан күні Астанада Лихтенштейнмен бақталасады. Ал 13 қазан күні Гент қаласында Солтүстік Македониямен кездеседі.
Еске сала кетейік, «Ұлытау» клубының президенті Талғат Байсуфинов Қазақстан Ұлттық құрамасына бас бапкер ретінде тағайындалып, Әли Әлиев оның көмекшісі атанған еді.
Жаңалықтар
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес
- Ормуз бұғазын ашуды талқылау үшін 30 ел бірікті
- ФИФА футболдағы жаңа ережелерді жариялады
- АҚШ пен Израиль соғыстың алғашқы 16 күнінде оқ-дәріге 26 миллиард доллар жұмсаған
- ЮНИСЕФ басшысы: Қазақстанда балалар денсаулығы жақсы қорғалған
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Талғардағы атышулы іс бойынша учаскелік инспекторға үкім шықты
- Алматыда жүк көлігін жалған құжатпен тіркеген арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды