Танымал адвокат Шерзаттың сотындағы прокурорлардың өрескел қателіктерін көрсетті
Фото: Медиазона
Адвокат Жохар Өтебеков Шерзаттың сотында отырған прокурорлардың ақылға қонымсыз, өрескел қателіктерін жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мәселені Өтебеков өзінің Facebook парақшасына жариялады. Сотта оқиға күні Шынасыл Шерзатты 00:42 пышақтаса, Нұрқанатты 01:04-те пышақтаған деп мәлімдеген болатын.
«Естеріңнен алжастыңдар ма? Шерзат сонда пышақ ұстаған адаммен 20 минут бойы төбелесті ме? Ол дүкеннен қашып шығып, сол жерде-ақ құлап түсті, ал әрі қарай оны жабылып ұрған (ол барлығына мәлім болған бейнежазбада да ашық көрсетілген)» деп жазды адвокат.
Сондай-ақ адвокаттың пайымдауынша, егер Нұрқанатты 01:04-те пышақтаса, онда Шерзатты 01:02-де пышақтады. Ал 00:42-де қылмыскерлер енді дүкенге келген.
«Неліктен тергеу жүргізді? Уақытты анықтау үшін. Олардың қолында бірнеше бейне материал бар емес пе? Сонда олар қалай болса, солай бұл істі зерттей салды ма?» деп жазды адвокат.
Еске сала кетейік, тілшіміз Шерзат ісінде «Чика» лақап атымен танымал болған азаматтан сұхбат алған болатын.
Жаңалықтар
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды