Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды

cover

Бұған дейін бірден екі лауазымды – Премьер-Министрдің орынбасары және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған Тамара Дүйсенова вице-премьер болып қайта тағайындалды.

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол бұрын атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына кандидат қаралды. Мәселе Мәжілісте қаралып, отырыстың қорытындысы бойынша ұсынылған кандидатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындауға ұсыну мүмкіндігі туралы Комитеттің қорытындысы қабылданды.


Дүйсенова 2022 жылдың 11 сәуірінен бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарғанын және 04.04.2023-06.08.2023 қайта тағайындалғанын атап өткен жөн. Ал 2023 жылдың 8 маусымынан бастап Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарып келеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар