Талғарда әкім сайлауы өтеді

cover Фото: envato

Алматы облысы Талғар қаласы әкімін сайлау күні белгіленді, деп хабарлайды Orda.kz.

Талғарда сайлау 15 желтоқсанда өтеді. Сол күні республиканың басқа екі өңірінде де ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Қостанай облысында Әулиекөл ауданының Новонежин ауылдық округі, Жітіқара ауданының Пригородное ауылы, Қостанай ауданының Белозер ауылдық округі және Севастополь ауылдық округі, сондай-ақ Сарыкөл ауданының Маяк ауылы әкімдері сайланады.

Еске сала кетейік, кісі қолынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың ісінен кейін «өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін» Бақыт Күрішбаев пен оның орынбасары Сағындық Матан қызметтерінен босатылды.

Сонымен қатар, Хасанның ағасы Аслан Қасымбаев та Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы  қызметінен кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар